Accessibility links

Ирандық танымал құқық қорғаушы ұсталды


Ирандық құқық қорғаушы Наргес Мохаммади.

Ирандық құқық қорғаушы Наргес Мохаммади.

Иранда танымал құқық қорғаушы, Адам құқықтарын қорғаушылар орталығы жетекшісінің орынбасары Наргес Мохаммади тұтқындалды. Мохаммадидің күйеуі Таги Рахманидің Азаттыққа Парижден хабарлауынша, арнайы қызмет өкілдері құқық қорғаушыны 5 мамырда Тегерандағы үйінен ұстап әкеткен.

Таги Рахманидің сөзінше, полицейлер үйіне әйелін қамауға алу туралы санкциямен барған. Оппозициялық Kalameh сайты арнайы қызмет өкілдері Наргес Мохаммадиге өзін түрмеге әкетіп бара жатқанын айтқанын хабарлады.

Мохаммадидің тұтқындалуының оған бұған дейін шыққан сот үкімімен, я соңғы тағылған айыптаулармен байланысы бар-жоғы белгісіз.

Наргес Мохаммади 2010 жылы тұтқындалып, 2012 жылы 6 жылға сотталған. Ол сотталғаннан кейін бірнеше ай түрмеде отырып, денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын босатылған.

Кейін "Иран мемлекеттік қауіпсіздігіне қарсы әрекет етті" деген айып тағылған Мохаммади өткен аптада сотқа баруы тиіс болатын.

Наргес Мохаммади Иранда Нобель сыйлығының лауреаты Ширин Эбадимен бірге Адам құқықтарын қорғаушылар орталығын құрған.

XS
SM
MD
LG