Accessibility links

Бүгін - Отан қорғаушылар күні


Қазақстан қарулы күштері сарбаздары әскери парад кезінде. Астана, 30 тамыз 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан қарулы күштері сарбаздары әскери парад кезінде. Астана, 30 тамыз 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Мамырдың 7-і – Қазақстанда Отан қорғаушы күні. Атаулы күнге байланысты бүгін Астанада әскери парад өткізіледі.

Ресми ақпарат бойынша, Қазақстан қарулы күштерінің барлық түрлерінен бес мыңға жуық әскери қызметшілер, екі жүз бірлік қару-жарақ пен әскери техника, 70 әскери ұшақтар мен тікұшақтар қатысуымен өтетін тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды парадқа ел президенті - қарулы күштер жоғарғы бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Отан қорғаушы күні мен және екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған Астанадағы әскери парадты республикалық телеарналар тікелей эфирден көрсетпек.

2012 жылы қазанда Қазақстан президентінің жарлығымен мамырдың 7-сі «Отан қорғаушы күні» болып белгіленіп, мемлекеттік мейрам ретінде демалыс күні болып жарияланған.

XS
SM
MD
LG