Accessibility links

Әзербайжан оппозиционері 6,5 жылға сотталды


Әзербайжанның «Мусават» оппозициялық партиясы төрағасының орынбасары Фараж Керимли.

Әзербайжанның «Мусават» оппозициялық партиясы төрағасының орынбасары Фараж Керимли.

Әзербайжан соты «Мусават» оппозициялық партиясы төрағасының орынбасары Фараж Керимлиді алты жарым жылға түрме жазасына кесуге үкім шығарған. Оған «ірі көлемдегі есірткі саудасы» бабы бойынша айып тағылған. Сотталушының адвокаты Неймат Керимлидің айтуынша, оппозициялық саясаткер өзіне «қолдан жасалған» айып тағылғанын мәлімдеген.

Заңгердің айтуынша, оппозициялық партияның сайты мен Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасының кураторы болған Фараж Керимли бұл платформаларды президент Ильхам Әлиевтің режиміндегі жемқорлық туралы ақпараттар таратуға пайдаланған.

Бұған дейін биыл наурыз айында Фараж Керимлидің бауыры Сираж да алты жылға сотталған еді.

Құқыққорғаушылардың айтуынша, Ильхам Әлиев 2013 жылы Әзербайжан президенті болып үшінші мерзімге сайланғаннан кейін билік оппозицияға қарсы қуғын-сүргінді күшейтіп жіберген.

XS
SM
MD
LG