Accessibility links

Астанада әскери парад басталды


Қазақстан Отан қорғаушы күніне байланысты Астанада өткен әскери парадқа қатысушы әскерилер. Астана, 7 мамыр 2015 жыл. (Телеэфирден скриншот)

Қазақстан Отан қорғаушы күніне байланысты Астанада өткен әскери парадқа қатысушы әскерилер. Астана, 7 мамыр 2015 жыл. (Телеэфирден скриншот)

Бүгін Астанада Қазақстан Отан қорғаушысы күні және екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад басталды. Оны республикалық телеарналар тікелей эфирден көрсетіп жатыр.

Астанада сапқа тізіліп тұрған Қазақстан қарулы күштері әскерилерінің алдынан машинамен жүріп өткен Қазақстан президенті, жоғары бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев парадқа жиналғандар алдында сөз сөйлеп, Отан қорғау күнімен құттықтады.

Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстан қарулы күштерінің барлық түрлерінен бес мыңға жуық әскери қызметшілер, екі жүз бірлік қару-жарақ пен әскери техника, 70 әскери ұшақтар мен тікұшақтар қатысып жатқан бүгінгі әскери шеру тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды әскери парад болып отыр.

2012 жылы қазанда Қазақстан президентінің жарлығымен мамырдың 7-сі «Отан қорғаушы күні» болып белгіленіп, мемлекеттік мейрам ретінде демалыс күні болып жарияланған.

XS
SM
MD
LG