Accessibility links

Алматыда екі әскери мерекені атап өтті


 Отан қорғаушы күні және әскерге шақырылушы күніне арналған шаралардың ашылу салтанаты. Алматы, 7 мамыр 2015 жыл.

Отан қорғаушы күні және әскерге шақырылушы күніне арналған шаралардың ашылу салтанаты. Алматы, 7 мамыр 2015 жыл.

Алматыдағы 28 панфиловшы-гвардияшылар паркінде бүгін Отан қорғаушы күні және әскерге шақырылушы күні атап өтілді.

Шараға ұжымымен бірге келгендер Парк шетіндегі Офицерлер үйі жанындағы баспалдаққа орнатылған үлкен монитордан Отан қорғаушы күніне арнап Астанада өткізілген әскери парадты тікелей видеотрансляция арқылы тамашалады. Жаппай көрсетілімді Алматыдағы парктен қызықтағандардың арасында соғыс және еңбек ардагерлері де болды.

Сонымен бірге бейсенбі күні әскерге шақырылушы күніне арналған шара да өтті. Қазақстан армиясы, шекара қызметі мен ұлттық гвардия қатарына көктемде басталған әскери қызметке шақыру әлі жалғасып жатыр. Биыл көктемде Алматыдан әскер қатарына 800 жас жігіт шақырылған. Әскерге шақырушы күні ресми мереке болып белгіленбеген, ол жылына екі рет – көктем және күз мезгілдерінде өткізіледі.

Алматыдағы бүгінгі мерекелік шарада Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, соғыс ардагерлері мен әскерге шақырылушы жастар сөйледі. Астанадағы әскери парадтың тікелей видеотрансляциясы аяқталған соң танымал әншілердің қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG