Accessibility links

Кремль: Каримов 9 мамырда Мәскеуге келеді


Өзбекстан президенті Ислам Каримов. 21 наурыз 2015 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов. 21 наурыз 2015 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов Мәскеуде жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады деп хабарлады Кремль.

Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Юрия Ушаковтың сөзінше, Каримов Путиннің шақыруын қабыл алған.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың хабарлауынша, Ислам Каримовтың Мәскеуге баратыны бүгін расталған. Өзбекстан президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады дейді ол.

​Өзбекстан президентінің әкімшілігі Ислам Каримовтың Мәскеудегі шараға барар-бармасы туралы ештеңе айтқан жоқ. Бұған дейін ​Өзбекстан президентінің көмекшілері Каримовтың Мәскеудегі салтанатты шараға бармайтынын бірнеше рет мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG