Accessibility links

Астанада генерал Панфилов ескерткіші ашылды


Алматыдағы 28 панфиловшы-гвардияшылар паркіндегі мәңгілік алау.

Алматыдағы 28 панфиловшы-гвардияшылар паркіндегі мәңгілік алау.

Астанада бүгін Совет одағыны батыры, генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Ескерткіштің ашылу рәсіміне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

«Бұл ескерткіш тек Совет одағының батыры Иван Панфиловқа ғана қойылған ескерткіш емес. Бұл фашизмге қарсы ұлы шайқасқа қатысқан қазақстандықтарға және сол шайқас алаңында қаза болғандар мен сұрапыл соғыстан қайтып келіп, еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқандарға деген мәңгілік құрмет белгісі» деген Назарбаев.

Мүсінші Ренат Әбенов қоладан жасаған генерал Панфилов ескерткішінің биіктігі 2,5 метр.

Генерал-майор Иван Панфилов басшылық еткен 316-атқыштар дивизиясы 1941 жылы жазда Алматыда құрылған. Оның құрамы Қазақстан мен Қырғызстаннан әскерге шақырылған азаматтардан жасақталған. Сол жылы күзде Мәскеу түбінде гитлершіл басқыншыларға қарсы ерлікпен шайқасқан дивизияның қолбасшысы Панфилов 1941 жылы қарашаның 18-і күні жау минасынан 48 жасында қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG