Accessibility links

Царнаевтың бұрынғы жездесі сотта жауап берді


Бостондағы 2013 жылғы жарылысқа байланысты сотқа тартылған Джохар Царнаев.

Бостондағы 2013 жылғы жарылысқа байланысты сотқа тартылған Джохар Царнаев.

Бостондағы 2013 жылғы жарылысқа байланысты сотқа тартылған Джохар Царнаевтың сотында оның бұрынғы жездесі, Айлина Царнаеваның күйеуі болған Эльмирза Хожугов куәлік етті деп хабарлады Associated Press. Ол Бостондағы сотқа жауапты Алматыдағы АҚШ елшілігі ғимаратында отырып видеотрансляция арқылы берген.

Эльмирза Хожугов​тың сөзінше, Массачусетс штатында тұратын Царнаевтардың үйіне Миша есімді адам келіп, Джохар Царнаевпен ислам діні туралы көп сөйлескен. Ол "Джохар Царнаев ағасы Тамерлан Царнаевты жақсы көргенін, оған тәнті болғанын" да айтты.

Бостонда 2013 жылы сәуірдің 13-інде марафон кезінде болған жарылыстардан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған. Прокуратураның ұйғарымы бойынша, Джохар Царнаев (21 жаста) марафон аяқталатын кезде ағасы Тамерлан Царнаевпен бірге жарылғыш зат қойған. Полиция Тамерлан Царнаевты жарылыстан соң тұтқындамақ болған кезде атып өлтірген. Джохар Царнаевқа 30 бап бойынша, оның ішінде кісі өлтіруге қатысты айып тағылған. Прокуратура бұған дейін Царнаевқа бұл айыптар бойынша өлім жазасын беруді сұраған.

Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағынан шыққан Царнаевтар соңғы жылдары АҚШ-та тұрған.

XS
SM
MD
LG