Accessibility links

Ұлыбританияда парламент сайлауы аяқталды


Ұлыбритания парламенті ғимараты, Лондон. (Көрнекі сурет).
Ұлыбритания парламенті ғимараты, Лондон. (Көрнекі сурет).

Ұлыбританияда парламент сайлауы аяқталды. Сайлау бөлімшелерінде алынған сауалнама нәтижелеріне қарағанда, премьер-министр Дэвид Кэмеронның басқарушы оңшыл Консервативтік партиясы қауымдар палатасындағы 316 орынды иеленген. Эд Милибэндтің Лейбористік партиясы 239 орын алған. Бұл сайлау нәтижесі Ұлыбританияның Еуропа Одағында қалу, я қалмауына және Шотландияның тәуелсіздік алу мүмкіндігіне тікелей әсер етпек. Әлемдік қауымдастық ядролық қаруы бар, НАТО-ға және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше Ұлыбритания үшін салдары маңызды болатындықтан сайлауды жіті бақылап отыр.

Консерваторлардың да, лейбористердің де жетекшілері парламенттің қауымдар палатасындағы 650 орынның көпшілігін ала алатындарын мәлімдеп жатыр. Дегенмен, халық арасында бұрынғыдай емес, ұсақ партиялар танымал екені хабарланып жатыр. Бұл рас болса, көпшілік орынды иеленген партия басқарушы коалицияны осы партиялармен бірге құрады деген сөз. Сайлау нәтижесі 8 мамырда белгілі болады.

XS
SM
MD
LG