Accessibility links

АҚШ сенаты Иранмен келісімді қайта қарауды қолдады


АҚШ сенатының халықаралық қатынастар комитеті Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімді талқылап жатыр. Вашингтон, 14 сәуір 2015 жыл.
АҚШ сенатының халықаралық қатынастар комитеті Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімді талқылап жатыр. Вашингтон, 14 сәуір 2015 жыл.

АҚШ сенаты көпшілік дауыспен конгресстің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жасалған келісімді қайта қарауға, қажет болса оны қабылдамай тастауға құқық беретін заң жобасын мақұлдады. 89 сенатор дауыс берген "Иранның ядролық бағдарламасы туралы" заң жобасы кеше өкілдер палатасының қарауына жөнелтілді. Өкілдер палатасы заң жобасына қатысты шешімін келесі аптада білдірмек. Ақ үй президент Барак Обама егер өкілдер палатасы мақұлдаса құжатқа қол қоятынын мәлімдеді.

Егер Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келісім жасалса, заң жобасы Иранға салынған санкцияларды алу туралы шешім қабылдауды 30 күнге шегере тұруға мүмкіндік береді. Бұл уақыт аралығында конгресс келісімді қолдайтынын, я қарсы екенін білдіруі тиіс.

Тегеран заң жобасына қарсылық білдіріп, Иран мен әлемдік алты держава арасында жасалатын келісімге қандай да бір елдің парламенті ықпал ете алмайтынын мәлімдеді.

Өткен аптада Республикашыл партия сенаторларының арасында заң жобасына өзгерістер енгізуге қатысты дау туған. Ұсыныстардың көпшілігі "Демократиялық партия өкілдерінің көпшілігінің дауыстарын қайтарып алып, құжатқа президенттің вето қоюы үшін жасалған" деген уәжбен қабылданбады.

XS
SM
MD
LG