Accessibility links

Сауд Арабиясы Йеменде шабуылды тоқтата тұруға даяр


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейрмен бірге баспасөз жиынында. Эр-Рияд, 7 мамыр 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейрмен бірге баспасөз жиынында. Эр-Рияд, 7 мамыр 2015 жыл.

Сауд Арабиясы Йемен тұрғындарына гуманитарлық көмек кедергісіз жеткізілуі үшін қақтығысты бес күнге тоқтата тұруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл жайында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен бірге жасаған мәлімдемесінде Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр айтты. Джубейр мен Керри бес күндік кідірісті "дағдарысты шешудің негізгі мүмкіндігі" деп атады.

Йемендегі шииттік хусит көтерілісшілеріне әуеден соққы жасап жатқан араб елдері коалициясы Йеменнің Сауд Арабиясымен шекарада хуситтер кемінде бес адамды өлтіруіне байланысты операцияны тоқтату шығынды көбейтеді деп мәлімдеген. Коалицияның баспасөз хатшысы, бригада генералы Ахмад әл-Асири Сауд Арабиясының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді "Коалиция мен Сауд Арабиясы қарулы күштері үшін басты мақсат" деп атаған. "Көтерілісшілер қызыл сызықтан аттап кетті" деді Асири.

Асиридің сөзінше, "көтерілісшілердің жетекшілері, штабы, қолбасшылығы мен олардың жиналатын жерін" нысанаға алатын операция "қазірден басталмақ".

Йемен көтерілісшілері әзірге қақтығысты бес күнге тоқтата тұру ұсынысына жауап бермеді.

XS
SM
MD
LG