Accessibility links

Атамбаев: Ресеймен болашағымыз да ортақ


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Санкт-Петербург, 16 наурыз 2015 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Санкт-Петербург, 16 наурыз 2015 жыл.

Қырғызстанның Ресеймен тығыз ынтымақтастық орнатуына "ұлттық мүдде мен ортақ тарих" себеп деп мәлімдеді Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Атамбаев бұл жайлы Мәскеу облысының Волокаламск қаласындағы Совет одағының батыры Дуйшонкул Шопоковқа орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде айтқан.

Алмазбек Атамбаев интеграциялық бірлестікке кіруді "аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігі мен айбынының заңды жалғасы" деп атады.

Атамбаев Қырғызстан мен Ресейдің "тарихы ортақ" екенін және болашақта да "ортақ болатынынан үмітті" екенін айтты. "Бабаларымыз бір майданда, бір окопта соғысты. Біз де дәл солай әрқашан бірге болуымыз керек. Сондықтан тура 9 мамырдың қарсаңында Қырғызстанның Еуразия экономикалық одағына кіруі туралы құжатқа қол қоямын. Себебі біз қашан да бірге болуымыз тиіспіз" деді Атамбаев Волокаламскіде.

Қырғызстан мамырда Ресей бастаған Еуразия экономикалық одағына кіруді жоспарлап отыр. Биыл қаңтар айында жұмыс істей бастаған одаққа Қазақстан, Беларусь және Армения да кіреді.

XS
SM
MD
LG