Accessibility links

Пәкістан: Тікұшақ апаты құрбандары арасында елшілер бар


Пәкістан картасы. (Көрнекі сурет).

Пәкістан картасы. (Көрнекі сурет).

Пәкістанның солтүстігіндегі Гилгит-Балтистан ауданында бүгін MI-17 әскери тікұшағы апатқа ұшырап, алты адам, оның ішінде екі елші қаза тапты. Он шақты адам жараланған.

Азаттықтың Пәкістан қызметінің хабарлауынша, әскерилер өкілі генерал-майор Асим Баджва апаттан екі ұшқыш, Филиппин мен Норвегияның елшілері және Малайзия мен Индонезия елшілерінің әйелдері қаза тапқанын растаған. Жараланғандар арасында Польша мен Нидерланд елшілері де бар.

Тікұшақ апатына жауапкершілікті "Техрик-е-Талибан Пәкістан" ұйымы мойнына алды. Ұйымның ресми өкілі Мохаммад Хурасанидың кейіндеу Азаттыққа жолдаған электрондық хатында ұйым әскери тікұшақты "премьер-министр Наваз Шариф мінген тікұшақпен шатастырып атып түсіргені" айтылады.

MI-17 тікұшағы аймақта Наваз Шариф қатысатын шараға батыс елдерінің дипломаттарын тасыған үш тікұшақтың бірі болған. Қалған екі тікұшақ діттеген жеріне аман-есен жеткен.

XS
SM
MD
LG