Accessibility links

Астанада жеңістің 70 жылдығына марш болды


"Мәңгі өлмес полк" маршына қатысушылар. Астана, 8 мамыр 2015 жыл.

"Мәңгі өлмес полк" маршына қатысушылар. Астана, 8 мамыр 2015 жыл.

Бүгін Астанада екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығы құрметіне соғысқа қатысқандардың ондаған туысы мен студент жастар "Мәңгі өлмес полк" маршына шықты.

Алғаш болып марш басында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан аталары мен туыстарының суреттерін ұстағандар жүрді. Мұндай акция Қазақстан мен Ресейдің бірнеше қаласында да өтіп жатыр.

- Біз бүгін аталарымыз бен арғы аталарымызды еске алу үшін келдік. Менің екі арғы атам - әкемнің әкесі мен шешемнің әкесі де соғыста қаза тапқан. Біз олардың соғысқа қатысып, сонда қаза тапқанынан басқа еш дерек білмейміз. Бір атамыздың қайда жерленгені туралы деректі "Мемориал" сайты арқылы таптық. Атамыз Беларусьте өзеннен өткенде қаза тауып, сол жерде ескерткіш орнатылыпты, - деді астаналық тұрғын Ләззат Жаңабекова.

"Мәңгі өлмес полкі" маршында бұлардан кейін кейін студенттер жүрді. Маршқа қатысқандар барлығы 1,5 километр қашықтықты жүріп өтті. Шара аясында қатысушылар "Қос сарбаз" ескерткішіне гүл қойды. Соңынан студенттер мерекелік концерт қойды.

XS
SM
MD
LG