Accessibility links

Ислам Каримов Мәскеуге сапармен кетті


Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов.

Өзбекстан президенті Иславм Каримов бүгін Мәскеуге ресми сапармен кетті. Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, Ислам Каримовтың баспасөз қызметі президенттің Мәскеуде "екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шараларға және ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысатынын" хабарлаған.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі Каримовтың Мәскеуге Ресей президенті Владимир Путиннің "шақыруымен кеткенін" айтады. Бірақ баспасөз қызметі Каримовтың Мәскеудегі әскери парадқа қатысатыны "әзірге белгілі емес" дейді.

5 мамырда Өзбекстан сыртқы істер министрлігіндегі дереккөз Азаттықтың Өзбек қызметіне Каримовтың 9 мамырда Мәскеудегі әскери парадқа бармайтынын хабарлаған.

Бірақ 7 мамырда Кремльдің баспасөз қызметі Каримов Путиннің шақыртуын қабыл алып, 9 мамырда Мәскеуде жеңіс күніне арналған мерекелік шараларға қатысатынын хабарлаған.

Өзбекстан 1999 жылдан бері 9 мамырды жеңіс күні ретінде мерекелемейді. Бұл мереке Еске алу және аза тұту күні деп өзгертілген. Дәстүр бойынша, бұл күні Өзбекстанда соғысқа қатысқандарға мерекелік медальдер мен наградалар беріледі. Ташкенттегі алаңға соғыс және тылдағы еңбек ардагерлері, үкімет мүшелері, депутаттар мен сенаторлар, әскерилер мен қоғам өкілдері жиналады.

XS
SM
MD
LG