Accessibility links

Қырғызстан ЕАЭО-ға ресми түрде кірді


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың (сол жақта) Мәскеуге келген беті. 7 мамыр 2015 жыл
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың (сол жақта) Мәскеуге келген беті. 7 мамыр 2015 жыл

8 мамырда Мәскеуде өткен Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения президенттері Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіру шарттарын орындағаны туралы соңғы құжаттарға қол қойды. Бұл шешімді кеңеске қатысқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялап, Қырғызстанды құттықтады.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев рәсім кезінде сөз сөйлеп, елінің Еуразия экономикалық одағына кіру үшін барлық қажетті талаптарды орындағанын айтты.

Ресей, Қазақстан мен Беларусь 2014 жылғы мамырда Астанада ЕАЭО құру туралы келісімге қол қойған еді. Қазан айында Армения да одаққа қосылуға тілек білдірген. Келісім 2015 жылдың қаңтарынан күшіне енген болатын.

XS
SM
MD
LG