Accessibility links

ДХР тәуелсіздік идеясынан бас тартуға уәде етеді


Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» өкілі Денис Пушилин.
Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» өкілі Денис Пушилин.

Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» (ДХР) билігі егер Киев бұған дейін Минскіде жасалған келісім шарттарын орындаса және бұл аймаққа ерекше мәртебесі бар кеңейтілген автономия беретін болса, онда ДХР Украинадан тәуелсіздік алу идеясынан бас тартуға уәде береді. Бұл туралы «Донбасс: кеше, бүгін, ертең» форумында ДХР басшыларының бірі Денис Пушилин мәлімдеген.

Жексенбі күні Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізген Германия канцлері Ангела Меркель «Украинаның территориялық тұтастығы қалпына келтірілуі тиіс» деп мәлімдеген. Өз кезегінде Ресей президенті Донецк және Луганск облыстарындағы өзін өзі жариялаған «халық республикалары» басшыларына «барынша ықпал жасауға» уәде берген.

XS
SM
MD
LG