Accessibility links

Жерорта теңізінде Қытай-Ресей әскери жаттығуы басталды


Қытай басшысы Си Цзинпин (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 8 мамыр 2015 жыл.

Қытай басшысы Си Цзинпин (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 8 мамыр 2015 жыл.

Жерорта теңізінде Қытай және Ресей әскери кемелерінің қатысуымен «Теңіздегі әрекеттестік – 2015» жаттығуы басталғаны туралы Ресей қорғаныс министрлінің орынбасары Анатолий Антонов хабарлаған. Оның айтуынша, екі жақтан он кемеге дейін қатысатын бірлескен жаттығу он күн бойы – мамырдың 21-інде дейін жалғаспақ.

«Бұл жаттығулар үшінші тарапқа қарсы бағытталмаған және ол аймақтағы саяси жағдаймен байланысы жоқ» деп мәлімдеген Антонов.

Екі елдің әскерилерінің бірлескен жаттығуына Ресей тарапынан әскери-теңіз флоты бас қолбасшысының орынбасары, вице-адмирал Александр Федотенков, Қытай жағынан – әскери-теңіз флоты қолбасшысының орынбасары, вице-адмирал Ду Цзинчэнь жетекшілік жасайды деп хабарланды.

Мамырдың 9-ы күні Мәскеуде Жеңіс күні құрметіне өткен әскери парадқа тұңғыш рет Қытай әскери бөлімшесі де қатысқан. Соның қарсаңында Кремльде Ресей мен Қытай жетекшілері келіссөздер өткізіп, экономикалық және әскери-техникалық салалардағы әріптестік туралы келісімдерге қол қойған.

XS
SM
MD
LG