Accessibility links

Назарбаев пен Роухани телефон арқылы сөйлесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Иран президенті Хассан Роухани. Астана, 9 қыркүйек 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Иран президенті Хассан Роухани. Астана, 9 қыркүйек 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран президенті Хассан Роуханимен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Роухани Назарбаевты Қазақстанда сәуір айында өткен кезектен тыс президент сайлауындағы жеңісімен және қызметіне кірісуіне байланысты құттықтаған. Әңгіме барысында екі мемлекет басшылары Қазақстан-Иран серіктестігінің басымдығы бар бағыттарын талқылаған.

«Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы саяси диалог пен жемісті өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Бұдан бөлек, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейту мәселелері жөнінде пікір алмасылды» деп хабарлады Ақорда.

Иран президенті екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас алдағы уақытта да Қазақстан мен Иранның достас халықтарының мүддесіне игі қызмет ете беретініне сенім білдірген.

XS
SM
MD
LG