Accessibility links

Йеменде хуситтер уақытша бітімге келісті


Әуе шабуылынан қираған Йемен астанасындағы әскери база.

Әуе шабуылынан қираған Йемен астанасындағы әскери база.

Йеменде билікке қарсы көтерілген хуситтер Сауд Арабиясының бес күндік бітім туралы ұсынысына келісті. Сауд Арабиясы бастаған шетелдік коалиция күштері наурыздың 26-сынан бері Йемендегі хуситтер мен оларға қосылған, бұрынғы президент Әли Абдолла Салехті жақтайтын әскер бөлімшелері позицияларына әуеден соққы беруді жалғастырып келген.

Шетелдік коалиция хуситтер көтерілісінен соң Сауд Арабиясына қашқан Йемен президенті Абд-Раббу Мансур Хади үкіметін билікке қайтарғысы келеді.

Мамырдың 8-і күні Эр-Рияд егер хуситтер келісетін болса, гуманитарлық мақсат үшін мамырдың 12-інен бастап атысты доғару туралы бітім жасауды ұсынған.

Мамырдың 10-ы күні Йемен астанасы Сана қаласындағы елдің бұрынғы президенті Әли Абдулла Салехтің резиденциясына әуеден үш рет соққы берген. Баспасөз құралдары әуе шабуылынан Салех пен оның отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG