Accessibility links

Македонияда қарулы топқа қарсы операция аяқталды


Македониялық полиция жасағы арнайы операция жүріп жатқан ауданда тұр. Куманово, 10 мамыр 2015 жыл.
Македониялық полиция жасағы арнайы операция жүріп жатқан ауданда тұр. Куманово, 10 мамыр 2015 жыл.

Македониядағы Куманово қаласында қарулы топқа қарсы екі күнге жалғасқан операция аяқталғаны туралы хабарланды.

Македония ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, «Балкандағы ең қауіпті террористік топтардың бірімен» болған атыста сегіз полиция қызметкері қаза тауып, 37 адам жараланған. Қарулы топ мүшелері деген 14 күдіктінің денесі табылған. Олардың кейбірі бұған дейін таратылған косовалық албандары азат ету армиясының киімінде болғандеп хабарланды.

Полицияның мәліметінше, ел аумағына заңсыз өткен күдіктілерді ұстауға келген полицияға мамырдың 9-ы күні әлгі топ қарулы қарсылық көрсеткен. Қарулы топпен атыс Македония мен Сербия шекарасынан он шақырымдай жерде орналасқан, негізінен албан диаспорасы тұратын Куманово қаласында болған.

Македонияда арнайы операция барысында қаза тапқандарды еске алып ұлттық аза тұту жарияланды. Кезінде этникалық қақтығыстарды басынан өткерген бұл елдегі төтенше оқиғаға Еуропа Одағы алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG