Accessibility links

Меркель мен Путин Белгісіз солдат зиратына гүл қойды


Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Кремль, Мәскеу, 16 қараша 2012 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Кремль, Мәскеу, 16 қараша 2012 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель бүгін Кремль іргесіндегі Белгісіз солдат зиратына гүл қойып, Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ангела Меркель Мәскеуге бір күндік сапармен бүгін таңертең ұшып келген. Белгісіз солдат ескерткішіндегі соғыс құрбандарын еске алу рәсімінен соң екі ел басшылары келіссөздер өткізеді деп жоспарланған. Кездесудегі негізгі тақырып – Ресей мен Еуропа Одағының өзара қарым-қатынасы және Минскіде жасалған келісімдерді жүзеге асыру жайлы болмақ.

Сенбі күні Мәскеудегі Жеңіс күні құрметіне арналған парадқа 20-дан аса мемлекет басшылары – негізінен ТМД елдерінен, Азия, Африка және Латын Америкасынан өкілдер қатысты. Әлемдік көптеген басшылар Украинаның шығысындағы жанжалдағы Ресейдің роліне байланысты Мәскеудегі салтанатқа қатысудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG