Accessibility links

Тбилисиде ресейліктер мотоцикльдерін бояп тастаған


Ресейлік «Ночные волки» байкерлер клубы мүшелері. Брест, 28 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресейлік «Ночные волки» байкерлер клубы мүшелері. Брест, 28 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Тбилисиде мамырдың 9-ына қараған түні белгісіз біреулер ресейлік туристердің мотоцикльдерін Украина туының түсіне бояп кеткен. «Рустави-2» телекомпаниясының хабарлауынша, мотоцикльдер туристер түскен қонақ үйдің жанында тұрған. Ресейліктер Грузияға саяхаттап келгендерін және «Ночные волки» («Түнгі қасқырлар») байкерлер клубына еш қатысы жоқтарын айтқан.

Тбилисидегі Ваке саябағына «Ночные волки» мүшелерін кіргізбеу үшін сенбі күні таңертеңнен бастап саябақ есігі маңын грузин жас азаматтары күзетіп тұр. Олар ресейлік байкерлер Белгісіз солдат зиратына бармас бұрын Грузия тұтастығы үшін құрбан болғандар құрметіне қойылған мемориалда болып, өздеріне жапсырып алған Георгий лентасын алып тастағанда ғана саябаққа кіре алады деп мәлімдеген.

Өткен аптада «Еркін аймақ» ұйымының белсенділері Тбилисиде екі ресейлікті мотоцикльдеріне жапсырып алған Георгий ленталарын өз қолдарымен алуға мәжбүр еткен. Кейін Грузия құқық органдары ұйымның екі белсендісін ұстаған.

XS
SM
MD
LG