Accessibility links

Қырымда Сталинге құрмет тақтасы ашылды


Қырымда бұрынғы СССР көсемі Иосиф Сталинге ашылған құрмет тақтасы.

Қырымда бұрынғы СССР көсемі Иосиф Сталинге ашылған құрмет тақтасы.

Қырымның орталығы Симферополь қаласында мамырдың 8-і күні Иосиф Сталиннің құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Ресейлік Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей аннексиялап алған Қырымдағы жаңадан ашылған естелік тақта Ресей компартиясының жергілікті бөлімі орналасқан ғимарат қабырғасына ілінген.

Оның ашылу рәсіміне қатысқан жүзге жуық адамның арасында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен Қырымдағы совет офицерлері одағының өкілдері болған. Олар қолдарына СССР туын, Жеңіс жалауын, Ресей компартиясы символикаларын және Сталиннің суреттерін ұстап тұрған.

Ресей компартиясының Қырымдағы ұйымының бірінші хатшысы Олег Соломахин «Новости» ақпарат агенттігіне: «Біз бұл тақтаны Украина кезінде де қояр едік, бірақ онда бізге тап берер еді. Украина билігі, әрине, тұрғындарды ұлтараздық жанжалмен қорқытып, бұған тыйым салар еді» деп мәлімдеген. Соломахиннің айтуынша, коммунистер Сталинді мәңгі есте сақтауға арналған басқа да акциялар өткізуді жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG