Accessibility links

Шымкентте соғыс құрбандарын еске алды


Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған «Мәңгілік даңқ» шеруіне қатысушылар. Шымкент, 9 мамыр 2015 жыл.

Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған «Мәңгілік даңқ» шеруіне қатысушылар. Шымкент, 9 мамыр 2015 жыл.

Шымкентте екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралар өтті.

Бүгін, Жеңіс күні өткен «Мәңгілік даңқ» шеруіне қатысқан жүздеген адам қолдарына соғыста майданға қатысқан туыстарының суреттерін ұстап шықты. Бұдан соң қаладағы Абай саябағындағы Даңқ мемориалы басында Отан қорғауға майданға аттанып, соғыста шейіт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті.

Шараға соғыс ардагерлері, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Қазақтан парламенті депутаттары мен өзге адамдар Даңқ мемориалындағы мәңгілік алауға гүл қойды. Майданда қаза тапқандардың құрметіне әуеге үш дүркін оқ атылды.

Шымкенттегі «Мәңгілік даңқ» шеруінен фотогалерея:

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG