Accessibility links

Мәскеуде Жеңістің 70 жылдығы құрметіне парад өтті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) Қызыл алаңдағы парадты қарап отыр. Мәскеу, 9 мамыр 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) Қызыл алаңдағы парадты қарап отыр. Мәскеу, 9 мамыр 2015 жыл.

Ресейде бүгін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Жеңіс күні құрметіне Мәскеудің Қызыл алаңында әскери парад өтті. Оған қатысқан 16 жарым мыңнан аса әскерилердің арасында ТМД-ға мүше кейбір елдерден, сонымен бірге, Үндістан, Монғолия, Сербия және Қытайдан қарулы күштер өкілдері болды. Қазақстаннан барған әскери бөлімше де Қызыл алаңнан салтанатты шерумен жүріп өтті.

Парадқа 200-ге жуық әскери техника – екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тарихи танктермен бірге қазіргі заманғы озық үлгідегі қару-жарақ түрлері де қатыстырылды. Бұған қоса, әуеден 140 әскери ұшақ пен тікұшақ ұшып өтті. Бұл былтырғы парадпен салыстырғанда екі есе көп.

Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысуға 20-дан аса мемлекет басшылары – негізінен ТМД елдерінен, Азия, Африка және Латын Америкасынан келді. Әлемдік көптеген басшылар Украинаның шығысындағы жанжалдағы роліне байланысты Ресейдегі салтанатқа қатысудан бас тартқан.

Ресей Шығыс Украинадағы сепаратистерге қолдау көрсетіп, Украина жеріне әскерилерін жіберіп отыр деген Киев пен Батыс елдерінің айыптауларын Мәскеу жоққа шығарып келеді.

XS
SM
MD
LG