Accessibility links

Қазақстан Жеңістің 70 жылдығын атап өтіп жатыр


«Ажалсыз полк» шеруіне қатысушылар. Астана, 8 мамыр 2015 жыл.
«Ажалсыз полк» шеруіне қатысушылар. Астана, 8 мамыр 2015 жыл.

Бүгін Қазақстанда Екінші дүниежүізілік соғыстағы фашистік Германияны күйреткен жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр.

Алматыда бүгін таңертең жүздеген адам Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған «Ажалсыз полк» шеруіне шықты. Оған қатысушылар соғысқа барған ата-бабаларының суреттерін ұстап, қала көшелерімен жүріп өтті деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Бүгін ел астанасы мен Алматы және өзге елдімекендерде екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алып, олардың құрметіне қойылған ескерткіштер мен мәңгілік алауға гүл қояды, мерекелік концерттер мен өзге де көпшілік-мәдени шаралар өтеді. Алматыда бүгін кешке мерекелік отшашу болмақшы.

Бұл соғыс салдарынан Қазақстан 600 мыңнан аса азаматынан айырылған.

Нацистер билігі басқарған Германияның сөзсіз капитуляциясы туралы актіге 1945 жылы мамырдың 8-і күні қол қойылған. Еуропа елдері Жеңіс күнін 8-мамырда атап өтеді. Ал Қазақстан Ресей және ТМД-ның кейбір өзге елдеріндегідей, Жеңіс күнін 9-мамырда тойлайды.

Қазақстанда 9-мамыр – мемлекеттік мейрам болып белгіленген.

XS
SM
MD
LG