Accessibility links

Минскідегі парадқа АҚШ әскерилері қатысты


Беларусь президенті Александр Лукашенко (ортада) Минскідегі парадқа қатысқан АҚШ әскери-әуе күштері оркестрінің өткенін қарап тұр. 9 мамыр, 2015 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко (ортада) Минскідегі парадқа қатысқан АҚШ әскери-әуе күштері оркестрінің өткенін қарап тұр. 9 мамыр, 2015 жыл.

Мамырдың 9-ы күні Беларусь астанасы Минскіде өткен әскери парадқа ресейлік сарбаздармен бірге АҚШ әскери қызметкерлері де қатысты.

Екінші дүниежүзілік соғыста нацистік Германияны тізе бүктірген одақтастар жеңісінің 70 жылдығына арналған парадтың ашылуында сөйлеген Беларусь Александр Лукашенко бұл шараға АҚШ пен Ресей өкілдерінің қатысуының «терең мәні» барын айтты.

Минскідегі жалпы саны бес мың адам қатысқан әскери парад қатарында АҚШ әскери-әуе күштері оркестрінің қырық әскери музыканты да болды.

Дәл сол күні Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа АҚШ пен Еуропа елдерінің көбі қатысқан жоқ. Бұған Украинадағы жанжалға Ресейдің араласуы себеп болған.

XS
SM
MD
LG