Accessibility links

ЕО мигранттар мәселесінде БҰҰ-дан көмек сұрады


Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини.

Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини БҰҰ-дан ЕО-ның Еуропаға Жерорта теңізі арқылы келуге тырысатын босқындарды тежеу әрекетіне қолдау көрсетуді сұрады. 11 мамырда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген Могерини "Біз адамдарды құтқаруда сіздердің көмектеріңізге арқа сүйейтіндей болуымыз керек" деді.

Могерини ЕО елдері басшыларының сәуір айында мақұлдаған ұсыныстары, оның ішінде "кемелерді қамауға алып, жолын кесудегі кез-келген тәсілді қолдану" жайлы жоспарымен таныстырды. ЕО Ливия территориясындағы теңіз суларында контрабандистердің қайықтарын қолға түсіру мақсатында әскери операциялар жүргізудің құқықтық жағын реттеу үшін БҰҰ-ның санкциясын алуы тиіс. Бірақ мигранттары заңсыз жолмен тасымалданатын Ливия Брюссельдің ұсыныстарына қарсы.

БҰҰ есебі бойынша, осы жылдың басынан бері Еуропаға Жерорта теңізі арқылы 80 мыңға тарта мигрант өтпек болған. Олардың 1800-ге жуығы сапар барысында қаза тапты.

XS
SM
MD
LG