Accessibility links

Серіктері Немцовтың баяндамасын жариялайды


Ресейлік оппозиционер Илья Яшин Борис Немцов даярлауды бастаған "Путин. Соғыс" есебін ұстап тұр.
Ресейлік оппозиционер Илья Яшин Борис Немцов даярлауды бастаған "Путин. Соғыс" есебін ұстап тұр.

Ресейлік қастандықтан қаза тапқан оппозицияшыл саясаткер Борис Немцовтың серіктері бүгін өздері дайындаған "Путин. Соғыс" есебін жариялайды. Немцовтың серіктерінің сөзінше, есепте Ресейдің Украинадағы дағдарысқа әскери жағынан киліккеніне жаңа дәлелдер келтірілген. Есеп қағазға басылып қойылған. Азаттықтың Орыс қызметі есеп мазмұнымен танысты, бірақ есеп мазмұны жайлы ол ресми таныстырылғанша жарияламауға уәде етті.

Ресей президенті Владимир Путинді ең ашық сынайтындардың бірі болған Борис Немцов қаза табатын тұста есепті дайындаумен айналысып жүрген. Баяндаманы оппозициялық белсенділер мен журналистер Немцовтың досы Илья Яшиннің басшылығымен аяқтады.

Кремль бұған дейін Киев пен батыс елдерінің Ресей Украина шығысындағы сепаратистергер қару-жарақ пен әскер жөнелтеді деген айыптауын талай рет жоққа шығарған.

Борис Немцовты 27 ақпанда Мәскеудің орталығында белгісіз біреулер атып кетті.

XS
SM
MD
LG