Accessibility links

Керри Сочиде Путинмен және Лавровпен кездеседі


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін Сочиде Ресей прездиенті Владимир Путинмен және сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеседі. АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, кездесулерде Украина дағдарысы, Сириядағы соғысты саяси жолмен шешу жолдары, Йемендегі қақтығыс жайын талқыланады.

Ресей сыртқы істер министрлігі АҚШ-ты Украинадағы жағдайға байланысты Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасты шиеленістіріп жіберді деп айыптаған.

Ақпанның ортасында Минскіде Германия мен Францияның ара ағайындығымен Украинаның шығысында қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанымен, үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында үздік-создық ұрыс тоқтамай тұр.

Батыс елдері мен Киев Ресейді сепаратистерге қару-жарақ пен әскер жөнелтеді деп айыптайды. Бірақ мұны Ресей жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG