Accessibility links

Алматы облысында 3,9 магнитудалы жер сілкінді


Алматы облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Алматы облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 347 километр қашықтықта бүгін Астана уақытымен сағат 10:41-де қуаттылығы 3,9 магнитуданы құрайтын жер сілкінді деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстанның Қытаймен шекарасына жақын тұста тіркелген. Дүмпу жердің 10 километр тереңдігінде болған.

Алматы облысында жер сілкінісінің дүмпуі сезілгені туралы ақпарат түспеген.

Мамыр айының басынан бері Алматы облысында осымен үшінші рет жер сілкінісі болып отыр. 2 мамырда Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 540 километр қашықтықта қуаттылығы 4,8 магнитудалы жер сілкінісі, 6 мамырда қаладан шығысқа қарай 209 километр қашықтықта 4,4 магнитудалы жер сілкінісі болған.

XS
SM
MD
LG