Accessibility links

Непал: Зілзала құрбандары 58-ге жетті


Катмандуда құтқарушылар жер сілкінісінен жараланғандарды әкетіп барады. Непал, 12 мамыр 2015 жыл.
Катмандуда құтқарушылар жер сілкінісінен жараланғандарды әкетіп барады. Непал, 12 мамыр 2015 жыл.

Непалдың шығысында 12 мамырда болған кезекті қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 58 адамға жетті. Ел астанасы Катманду мен Эверест тауы арасында болған жер сілкінісінің қуаты 7,4 магнитуданы құрады.

Непал билігінің хабарлауынша, Непалда 42 адам қаза тауып, 1100-ден астам адам жараланған. Үндістанда 16 адам қаза тапқан. Қытайлық ақпарат құралдары Непалдағы жер сілкінісі әсерінен Тибетте бір адам мерт болғанын хаюарлады. Эверест тауы аумағында құтқару жұмыстарына қатысып жатқан АҚШ әскери-әуе күштерінің бір тікұшағы жоғалып кетті.

Катмандуда 25 сәуір күні қуаттылығы 7,8 магнитуданы құрайтын жойқын жер сілкінісі болып, сегіз мыңнан астам адам қаза тапқан. Зілзаладан 18 мыңға тарта адам жараланып, жүздеген нысан қирады. Мыңдаған адам баспаналарынан айырылды.

XS
SM
MD
LG