Accessibility links

Тәжікстанда Ресей десанттары жаттығу өткізбек


Ресейлік десантшылар. (Көрнекі сурет).

Ресейлік десантшылар. (Көрнекі сурет).

Ресейдің Ульяновск және Ивановск облыстарындағы әуе десанты күштері жоғары әскери дайындыққа келтіріліп, Тәжікстанға түсірілуге дайындалып жатыр деп хабарлады Азаттықтың Тәжік қызметі.

Ресей қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, әуе десанты әскерінің Ульяновс мен Ивановодағы бөлімдерінің сарбаздары Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық жедел әрекет ету күштері контингентін кенеттен тексеру барысында дабыл көтеріліп, кенет дайындыққа келтірілген. Әуе десанты күштері барлық қару-жарағы мен әскери жабдығымен бірге Тәжікстанда өтетін жаттығуға қатыспақ.

Жаттығуда әуе десанты күштері шартты диверсиялық топқа қарсы іс-әрекетті, оқиға орнын инженерлік барлау, кедергілерден өту машығын жетілдірмек.

XS
SM
MD
LG