Accessibility links

БҰҰ Йемен бейбіт келіссөзін өткізуге шақырды


Сана қаласындағы шииттік хусит көтерілісшілері. Йемен, сәуір 2015 жыл.

Сана қаласындағы шииттік хусит көтерілісшілері. Йемен, сәуір 2015 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ұйымның бас хатшысы Пан Ги Мунды Йемендегі дағдарысқа қатысты бейбіт келіссөз ұйымдастыруға шақырып, Йемендегі қақтығысушы тараптардан бес күндік гуманитарлық бітімді бұзбауды сұрады.

Қауіпсіздік кеңесі таратқан мәлімдемеде БҰҰ бастамашы болатын келіссөзге барлық тараптар қатысуы және оны йемендіктердің өздері жүргізуі тиіс делінген. БҰҰ-ның Йемендегі жаңа өкілі Исмаил Ульд Шейх Ахмед кеше Йеменге алғашқы сапармен барды.

Йемендегі қақтығысты тоқтатуға қатысты келіссөздің уақыты мен өтетін жері әлі белгіленбегендіктен, БҰҰ 17 мамырда Эр-Рияда өтеді деп жоспарланған Йеменге қатысты келіссөзге қолдау білдірді.

Бұған дейін хусит көтерілісшілеріне әуе соққыларын жасап жатқан Сауд Арабиясы бастаған араб елдері коалициясы бес күндік гуманитарлық бітім 12 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 23-те күшіне енгенін хабарлаған. Бірақ бітім жарияланғаннан кейін де Йеменнің оңтүстігіндегі Дале қаласында ұрыс жалғасып жатқаны туралы ақпараттар түсіп жатыр.

Бес күндік бітімде Йеменнің аса мұқтаж аудандарына гуманитарлық жүк жеткізу жоспарланған.

XS
SM
MD
LG