Accessibility links

БАҚ: Солтүстік Кореяда қорғаныс министрін өлтірді


Солтүстік Кореяның өлім жазасы орындалды деп хабарланған қорғаныс министрі Хен Ен Чхоль.
Солтүстік Кореяның өлім жазасы орындалды деп хабарланған қорғаныс министрі Хен Ен Чхоль.

Солтүстік Кореяда қорғаныс министрі Хен Ен Чхоль өлім жазасына кесілді деп хабарлады бүгін Оңтүстік Корея барлау қызметі басшысының орынбасарына сілтеме жасаған оңтүстік кореялық "Енхап" агенттігі. Оңтүстік Корея барлау қызметінің ақпаратына қарағанда, Хен Ен Чхольді 30 сәуірде арнайы шақырылған жүздеген адамның алдында атып өлтірген. Оған Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын қатысқан шарада қалғып кеткені үшін "жоғарғы басшыға бағынбады" деген айып тағылған. Бірақ бұл ақпаратты әзірге тәуелсіз өзге ақпарат көздері растамады.

Хен Ен Чхоль Ким Чен Ынның жақын серіктерінің бірі саналатын. 2011 жылы желтоқсан айында ол Ким Чен Ынның әкесі Ким Чен Ирді жерлеуді ұйымдастыру комитетінің мүшесі болған. Хен Ен Чхоль 2012 жылы бірнеше жоғары лауазымды тұлғалар өлім жазасына кесілген соң қорғаныс министрі болып тағайындалған.

"Енхап" агенттігі бұған дейін Солтүстік Кореяда қазір аптасына орта есеппен жоғары шенді бір шенеунік өлім жазасына тартылатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG