Accessibility links

Керри: Мәскеу үшін "сын сағаты" таяды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри НАТО елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде сөйлеп тұр. Анталья, Түркия, 13 мамыр 2015 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри НАТО елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде сөйлеп тұр. Анталья, Түркия, 13 мамыр 2015 жыл.

"Мәскеу үшін Украина шығысындағы қақтығысты тоқтату туралы солқылдақ келісімнің орындалуын қамтамасыз ететін "сын сағаты" таяды деп мәлімдеді бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Мәскеу мен сепаратистер туралы мәлімдемесін ол Түркияда НАТО-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтты. Джон Керри кеше Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен және сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен.

Антальяда өтіп жатқан кездесуде Украинадағы дағдарыс пен Таяу Шығыстағы, оның ішінде Сирия мен Ирактағы жағдай талқыланбақ. Керри Украина дағдарысына қатысты "қақтығысты шешу мен нақтылыққа жеткізетін мүмкіндіктер ашық" екенін айтты.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг те Мәскеу Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсетуін тоқтатып, әскері мен қару-жарағын әкетуі тиіс деп мәлімдеді. "Қазір іс-әрекетке көшетін уақыт келді.... Минск келісімінің орындалуын қамтамасыз етуді жеделдету қажет" деді Столтенберг.

XS
SM
MD
LG