Accessibility links

Ирак министрі: ИМ-нің екінші басшысы қаза тапты


Ирак әскері "Ислам мемлекеті" ұйымының позицияларына қарсы шабуылдап жатыр. Сәуір 2015 жыл.

Ирак әскері "Ислам мемлекеті" ұйымының позицияларына қарсы шабуылдап жатыр. Сәуір 2015 жыл.

Ирак қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы иерархиясындағы екінші адам саналатын Абу Ала әл-Афри деген атпен танымал Абдул Рахман Мустафа Мұхаммед елдің солтүстігінде шетелдік коалиция күштері жасаған әуе соққысынан қаза тапты.

Бригада генералы Тахсин Ибрагимнің айтуынша, Абдул Рахман Мустафа Мұхаммед Таль-Афар қаласындағы мешітте болғанында соққы жасалған. Онымен бірге ондаған содырдың көзі жойылған. АҚШ әскери басшылығы бұл мәліметті растайтын ақпарат жоғын айтып, мешітке шабуыл жасалғанын жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG