Accessibility links

Йеменге гуманитарлық көмек жеткізіле бастады


Йемен астанасы Сана қаласы тұрғындары ауыз су алып барады. 13 мамыр 2015 жыл.
Йемен астанасы Сана қаласы тұрғындары ауыз су алып барады. 13 мамыр 2015 жыл.

Йеменде бес күндік бітім режимі бұзылып жатқаны туралы ақпараттарға қарамастан гуманитарлық ұйымдар Йеменнің бейбіт халық тұратын аудандарына гуманитарлық көмек жеткізе бастады. Елдің оңтүстігіндегі бірнеше қалада Иран қолдайтын хусит көтерілісшілері бітімді 12 рет бұзып, артиллерия мен зымыраннан атқылады деп хабарлады коалиция басшылығына сілтеме жасаған Saudi Press агенттігі. Сауд Арабиясы бастаған араб елдері коалициясы өз тарапынан гуманитарлық бітімді сақтап отырғанын айтады.

Сауд Арабиясы қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Йеменнің солтүстігінде көтерілісшілер бақылауындағы аудандардан Сауд Арабиясымен шекаралас аудандарға зымырандар атылған. Сауд Арабиясы әскері "ұстамдылық танытып", қарсы оқ атпады делінген мәлімдемеде.

Ал Associated Press агенттігі Сауд Арабиясы жойғыш ұшақтарының кеше Йеменнің оңтүстік бөлігіндегі хуситтерге соққы жасағанын хабарлады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джефф Раткенің мәлімдеуіне қарағанда, ара-тұра ұрыс болғанына қарамастан жалпы алғанда уақытша бітім сақталып отыр. "Біз барлық тараптарды ұстамдылық танытуға шақырамыз" деді Ратке.

XS
SM
MD
LG