Accessibility links

127 миллиард теңгенің заң бұзушылығы анықталған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бюджеттің орындалуын қадағалайтын есеп комитеті 2014 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыруды бағалауда 127 миллиард теңгеден (686 миллион АҚШ доллары) астам қаржыға қатысты заң бұзушылық болғанын хабарлады. Екі мемлекеттік және 15 салалық бағдарламаны жүзеге асыру барысында жасалған заң бұзушылықтың жалпы сомасы 127,7 миллиард теңгені құраған. Бұл соманың 56 миллиарды "тиімсіз түрде" жұмсалғаны айтылады есеп комитетінің ақпаратында.

Комитеттің есебі бойынша, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында орталық мемлекеттік органдар 34,3 миллиард теңгенің, жергілікті атқарушы органдар 174,1 миллиард теңгенің заң бұзушылығына жол берген. Есеп комитетінің ұйғарымынша, инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы, оларды жүзеге асырудың тоқтатылуы мен нысандардың межелі уақытында пайдалануға берілмеуіне жобалардың уақытында қаржыландырылмауы, конкурстардың кешігіп өткізілуі мен құжаттардың сапасыз дайындалуы себеп болған.

Есеп комитетінің есебінде бұған қоса бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері "республикалық бюджет жобасына түзетулер мен өзгерістер енгізілгеніне қарамастан қаржыны аса тиімді пайдаланбағаны" да айтылған.

XS
SM
MD
LG