Accessibility links

Назарбаев: Модернизациялау жұмысын жеделдету қажет


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 29 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 29 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдап, Ұлттық модернизация жөніндегі комиссияның алға қойылған міндеттерді атқаруын жеделдетуді тапсырды. "Комиссия ұзамай өзіне тапсырылған тапсырманы орындай бастауы керек. Парламенттің қыркүйектегі сессиясына дейін заңдарға алға қойылған тапсырмаларды орындау мерзіміне оң әсер ететіндей өзгерістер енгізу жобасын даярлағаны дұрыс" деген Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев 29 сәуірде Астанада ұлықтау салтанатында сөйлеген сөзінде модернизация жөніндегі Ұлттық комиссия құрылғанын айтқан. Биліктің мәлімдеуінше, комиссия мақсаты бес реформаны кезеңімен іске асыруды басқару және мемлекеттік органдар, бизнес саласы мен азаматтық қоғам қызметін үйлестіру болып саналады. Комиссияны Кәрім Мәсімов басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары болып президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин бекітілген.

XS
SM
MD
LG