Accessibility links

Филиппин: Фабрикадағы өрттен 72 адам қаза тапты


Филиппиндік құтқарушылар өртенген фабрикадан күйген адам денелерін әкетіп барады. Манила, 14 мамыр 2015 жыл.

Филиппиндік құтқарушылар өртенген фабрикадан күйген адам денелерін әкетіп барады. Манила, 14 мамыр 2015 жыл.

Филиппинде аяқ киім фабрикасында шыққан өрттен қаза тапқандар саны 72 адамға жетті.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері бүгін ел астанасы Манила маңында өртенген екі қабатты ғимараттан құрбандардың денелерін шығарды. Мерт болғандардың көпшілігі адам танымастай күйіп кеткен.

Аяқ киім шығаратын фабрикадағы өрт 13 мамырда дәнекерлеру жұмыстары кезінде резеңке аяқ киім жасауда қолданылатын химиялық материалы бар контейнерге шоқ тиіп, жарылыс болғаннан соң тұтанған.

XS
SM
MD
LG