Accessibility links

WEF: Қазақстан адам капиталын дамытудан 37 орында


Дүниежүзілік экономикалық форум қорының логотипі. (Көрнекі сурет).

Дүниежүзілік экономикалық форум қорының логотипі. (Көрнекі сурет).

World Economic Forum (Дүниежүзілік экономикалық форум) қорының "Адам капиталының дамуы 2015" деп аталатын есебі бойынша, Қазақстан биыл әлемның 127 елі арасында адам капиталының даму көрсеткіші бойынша 37 орынды иеленген.

Рейтинг халықтың түрлі жас деңгейіндегі топтарындағы адам капиталының мүмкіндіктері, оның ішінде білім алуға қол жету мен білімнің сапасы, біліктілікті көтеру мүмкіндіктері, жұмыспен қамтылуы, экономикаға араласуы сияқты барлығы 46 көрсеткіш бойынша түзілген.

Қазақстанның түрлі жас арасындағы бұл критерийлер бойынша көрсеткіштері әртүрлі. Мысалы, Қазақстан 55-64 жас аралығындағы тұрғындарының адам капиталы көрсеткішінен әлемде 12 орында тұрғанымен, басқа жас аралығындағылардың адам капиталы көрсеткіші бойынша 33 пен 43 орын аралығындағы орындарда тұр.

Рейтингте алғашқы орынды Финляндия алған. Одан кейінгі орындарда Норвегия, Швейцария, Канада мен Жапония тұр.

Пост советтік елдер арасында Эстония 16-орында, Литва 18-орында, Латвия 23-орында, Ресей 26-орында, Украина 31-орында тұр.

XS
SM
MD
LG