Accessibility links

Бурундиде қақтығыс жүріп жатыр


Генерал-майор Гоудфройд Нийомбаре (сол жақта) Radio Publique Africaine радиосы кеңсесі алдында. Бужумбура, 13 мамыр 2015 жыл.

Генерал-майор Гоудфройд Нийомбаре (сол жақта) Radio Publique Africaine радиосы кеңсесі алдында. Бужумбура, 13 мамыр 2015 жыл.

Бурунди астанасы Бужумбурада өзара қарсы әскери топтар арасында кескілескен ұрыс жүріп жатыр. Қақтығыс генерал Гоудфройд Нийомбаре президент Пьерре Нкурунзизаны биліктен тайдырмақ болғаннан соң басталған.

Нийомбаренің қазіргі билікті құлатпақ болған әрекетінен шыққан оқиғаның қалай аяқталатыны белгісіз болғандықтан мемлекеттік телеарналар мен радиолар өзара қарсы әскери топтар арасында қақтығыстар жүріп жатқаны жайлы хабарлауда.

Нкурунзизаның бұрынғы одақтасы, Бурундидің барлау қызметін басқарған Нийомбаре 13 мамырда радиодан елде мемлекеттік төңкеріс болып, президент Нкурунзизаның биліктен тайдырылғанын мәлімдеген. 13 мамырда Танзанияда сапармен жүрген Нкурунзиза төңкеріс туралы ақпаратты жоққа шығарған.

Бурундиде бірнеше апта бұрын, Нкурунзиза 26 маусымда өтетін президент сайлауына қатысу шешімін жариялағаннан кейін толқулар басталған. 2005 жылы қабылданған конституция бойынша президент тек екі мерзімге ғана сайлана алады. Бірақ Нкурунзиза алғашқы мерзімге жалпыхалықтық дауыс беру жолымен емес, парламент арқылы сайланғанын айтып, бұл жолы сайлауға қатыса алатынын мәлімдеген. Оған қарсылық білдірген Нийомбарені президент ақпан айында барлау қызметінің басшысы қызметінен босатқан.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Францияның сұрауы бойынша 15 мамырда Бурундидегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізбек.

XS
SM
MD
LG