Accessibility links

Астана: 2 жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауын тексеріп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астана қалалық ішкі істер департаменті қаладағы көп қабатты үйлердің бірінен кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің секіріп кетуіне байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлады.

Бүгін әлеуметтік желілерде Астанадағы Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінен екі жасөспірімнің секіріп кеткені туралы видео тараған. Ішкі істер департаменті тергеу құпиялылығына байланысты басқа ақпарат беруден бас тартты. Оқиғаның қай күні болғаны айтылмаған.

Сәуір айының соңы мен мамырдың басында Ақтөбе облысында үш жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған.

XS
SM
MD
LG