Accessibility links

Киев: Сепаратистер бітімді тағы бұзды


Ресейшіл сепаратистер Донецк түбінде әскери жаттығу өткізіп жатыр. Украина, 28 сәуір 2015 жыл.
Ресейшіл сепаратистер Донецк түбінде әскери жаттығу өткізіп жатыр. Украина, 28 сәуір 2015 жыл.

Украина әскерінің Донбасстағы арнайы операциясы баспасөз орталығы 14 мамырда ресейшіл сепаратистердің Авдеевка, Лозовое елді мекендері мен Дутовка шахтасын атқылағанын хабарлады. УНИАН агенттігінің үкімет күштері мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Пески елді мекенінің түбінде сепаратистер минометтен оқ жаудырған. Ал Гладосово елді мекеніне жақын маңда сепаратистер әскери көліктен украин әскерилерін атқылаған. Марьинка мен Пески елді мекендері де атқылауға ұшыраған. Широкино ауданында сепаратистер бірнеше рет оқ атқан.

Украина шығысында жұмыс істеп жатқан ЕҚЫҰ арнайы миссиясы бақылаушыларының соңғы есебінде 13 мамырға дейін Мариупольге жақын Широкино елді мекені мен Донецк әуежайы ауданында қақтығысты тоқтату режимі бұзылып жатқаны айтылған. ЕҚЫҰ бақылаушылары Широкино маңынан ауыр әскери техникалардың әкетілгені туралы хабарларға қарамастан екі тараптың бақылауындағы аймақтардан да танкілердің байқалғанын айтады.

Донбасстағы жағдай кеше Түркияда аяқталған НАТО-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің кездесуінде де талқыланған. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс пен Еуропа Одағы Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп отырған "гибридті соғысына" қарсы тұру үшін ынтымақтастықты кеңейтуге келіскенін хабарлаған.

Мәскеу батыс елдерінің "Ресей Донбасста соғысып жатқан сепаратистерге қолдау көсретіп отыр" деген айыптауын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG