Accessibility links

Хоккей: Ресей мен АҚШ 1/2 финалда қайта кездеседі


Белорусь пен Канада арасындағы ойын. Прага. 14 мамыр 2015 жыл.

Белорусь пен Канада арасындағы ойын. Прага. 14 мамыр 2015 жыл.

Шайбалы хоккейден Чехияда өтіп жатқан ерлер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан елдер белгілі болды.

Канада Белорусь құрамасын 9:0 есебімен жеңіп, бес жылдан кейін әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Ал Белорусь хоккейшілері екінші жыл қатарынан ширек финалда жеңілді.

АҚШ Швейцарияны 3:1 есебімен ұтып, Чехия былтырғы жылғы әлем біріншілігінің финалына шыққан Финляндиядан 5:3 есебімен басым түсті.

Ал 2014 жылғы әлем чемпионы Ресей Швецияны 5:3 есебімен жеңді.

16 мамырда өтетін жартылай финалда Канада мен Чехия, АҚШ пен Ресей ойнайды. Топтық кезеңде АҚШ Ресейді 4:2 есебімен, Канада Чехияны 6:3 есебімен жеңген.

Әлем чемпионатының финалы 17 мамырда Прагада өтеді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG