Accessibility links

ИМ басшысының кезекті аудиожазбасы жарияланды


"Ислам мемлекеті" экстремистік тобының басшысы Әбу Бакр әл-Бағдади деп сипатталатын адамның фотосы.
"Ислам мемлекеті" экстремистік тобының басшысы Әбу Бакр әл-Бағдади деп сипатталатын адамның фотосы.

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы басшылары Абу Бакр әл-Бағдадидің даусы делінген кезекті аудиожазбасын жариялады. Ұйым сайтында 14 мамырда жарияланған жарты сағаттық аудиожазбада Бағдади мұсылмандарды өзін-өзі жариялап алған халифат жағында күреске шақырады. Аудиожазбада бұған қоса Ирактың батысындағы Анбар провинциясында үкімет әскері бақылауындағы аудандардан пана табу үшін әскери іс-қимылдар аймағын тастап кеткен сүннит мұсылмандары сынға алынады.

Аудиожазбадағы дауыстың расымен әл-Бағдадидың даусы екендігі анықталмаған. Бұған дейінгі әл-Бағдадидың даусы делінген аудиожазба 2014 жылдың қарашасында, Ирак билігі әл-Бағдади әуе шабуылынан жараланды деп мәлімдегеннен кейін жарияланған.

Өткен айда әл-Бағдади әуе шабуылдарынан көзі жойылды деген ақпараттар тарай бастаған. Бірақ АҚШ қорғаныс министрлігі "Ислам мемлекеті" басшысын жараланды деуге негіз жоқ деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG