Accessibility links

Алматыда Бекмахановқа ескерткіш тақта орнатылды


Тарихшы Ермұхан Бекмахановқа арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты. Алматы, 15 мамыр 2015 жыл.
Тарихшы Ермұхан Бекмахановқа арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты. Алматы, 15 мамыр 2015 жыл.

Бүгін Алматыда азаттық көтерілісі туралы зерттеп, совет дәуірінде қуғындалған қазақ тарихшысы, ғылым докторы Ермұхан Бекмаханов тұрған Панфилов көшесіндегі үйге ескерткіш тақта орнатылды.

Ескерткіш тақтаның ашылуына Бекмахановтың әйелі Қалима Бекмаханова мен балалалары, немерелері, тарихшылар Хангелді Әбжанов, Талас Омарбеков, тарихшы жайлы кино түсірген режиссер Сатыбалды Нарымбетов, Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Мамай Ахет қатысты.

Тарихшылар ашылу салтанатында Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі жайлы естелік айтты.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова әкім Ахметжан Есімовтің атынан жолданған хатты оқып берді.

Ермұхан Бекмаханов 1952 жылы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырымды алғаш болып қорғаған соң 25 жылға сотталған.

XS
SM
MD
LG