Accessibility links

Кабулда жоғары шенді прокурорды атып кетті


Кабулдегі қауіпсіздік күштері қызметкерлері. (Көрнекі сурет).

Кабулдегі қауіпсіздік күштері қызметкерлері. (Көрнекі сурет).

Кабулда Ауғанстанның жоғары шенді прокуроры Наджибулла Султанзойға қастандық жасалды. Прокурорды 14 мамыр күні кешке есігін қаққан адам атып өлтіріп кеткен. Қастандыққа жауапкершілікті "Талибан" ұйымы мойнына алды.

Султанзой Пәкістанмен шекаралас Пактия уәлаятының прокуроры болған. Ауғанстанда соңғы уақыттары билік өкілдеріне жасалатын шабуыл күрт артқан. Соңғы айдың өзінде Ауғанстан бас прокуратурасының қызметкерлерін таситын автобустарға үш рет шабуыл жасалған.

Ауғанстан билігінің мәлімдеуінше, кеше елдің шығысындағы Нангарар уәлаятында АҚШ әскери-әуе күштерінің ұшқышсыз басқарылатын ұшағынан жасалған шабуылдан бес содырдың көзі жойылып, біреуі жараланған.

XS
SM
MD
LG